Тоқаев Мьянма премьер-министрі Мин Аун Хлайнге көңіл айту жеделхатын жолдады

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Тоқаев Мьянма халқына көңіл айтты./фото: Ақорда
Тоқаев Мьянма халқына көңіл айтты /фото: Ақорда

Тоқаев Мьянма премьер-министрі Мин Аун Хлайнге көңіл айту жеделхатын жолдады. Соңғы деректер бойынша құрбандардың саны артқан.

Тоқаев тілегі

«Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянмада болған жойқын жер сілкінісінің салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады», – делінген хабарламада.

Қазақстан президенті Мьянманың премьер-министрі Мин Аун Хлайнге және қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуді тіледі.

Қаза болғандар мыңнан асты

BBC мәліметінше, Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1000 адамнан асқан.

Ел билігінің хабарлауынша, жер сілкінісінен көз жұмғандардың саны 1002 адамға жеткен, ал 2376 адам жарақат алған. Қазіргі таңда 30 адам із-түзсіз жоғалған.

Жер сілкінісінің эпицентрі Мьянмада болса да, оны Таиланд, Вьетнам және Қытай тұрғындары да сезінді.

Бангкокта табиғи апат салдарынан құрылыс жүріп жатқан ғимарат құлап, 9 адамның өмірін қиды. Тағы 101 адам із-түссіз жоғалып кеткен.

Сондай-ақ оқыңыз