Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен Азия чемпионы атанды

Жарияланды 30 Наурыз 2025 21:16

(жаңартылды 31 Наурыз 2025 09:58)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен Азия чемпионы атанды / фото: olympic.kz

Еркін күрестен Қазақстан намысын қорғаған Нұрқожа Қайпанов Азия чемпионатының алтынын жеңіп алды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Амманда (Иордания) өткен байрақты бәсекенің финалында Нұрқожа 74 келіге дейінгі салмақта Қырғызстан балуаны Орозбек Токтомамбетован 2:1 есебімен жеңді.

Жартылай финалда болса Қайпанов Иран балуаны Мохаммад Реза Шакериді 6:1 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Бұл Азия чемпионатында Қазақстанның алғашқы алтыны, бұған дейін 97 келіде күрескен Ризабек Айтмұхан күміс жүлдегер атанса, 57 келіде белдескен Рахат Қалжан Азия чемпионатының қола медалін жеңіп алды.

Айта кетейік, Нұрқожа Қайпанов – бұған дейін де ел абыройын асырған спортшы. Өткен жылы Албания астанасы Тиранада өткен әлем чемпионатында 70 келіге дейінгі салмақта топ жарып, әлем чемпионы атанған еді. Финалда жапон балуаны Аоягиден 5:3 есебімен басым түскен еді.

Сондай-ақ оқыңыз