Әзербайжан телеарнасы Ақтаудағы ұшақ апаты туралы деректі фильм түсірді

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің аға тілшісі
Baku TV телеарнасы Ақтаудағы ұшақ апаты туралы деректі фильм шығарды/ Фото: kursiv.media ахриві

Әзербайжанның Baku TV телеарнасы Ақтаудағы ұшақ апаты туралы деректі фильм шығарды.

«J2-8243: соңғы рейс» деп аталатын деректі фильм ертең — 31 наурызда Әзірбайжан арнасында көрсетіледі. Фильмде апат салдарынан қаза тапқандар туралы оқиғалар, тірі қалған жолаушылардың естеліктері мен апат кезінде көмекке келген құтқарушылар туралы айтылады.

Авторлар фильм қайғылы оқиға кезінде ерлік танытқандарды дәріптеу және апаттан көз жұмғандарды еске алу мақтасында түсірілгенін айтады. Деректі фильмді 31 наурызда сағат 22.00 — де Baku TV-де көрсетіледі.

Еске салсақ, 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 67 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Апаттан 29 адам тірі қалды.

Апаттан кейін Көлік министрлігі Embraer ұшағын өндіруші компанияның өкілдері келіп, апаттың себебін анықтауға көмектесетінін мәлімдеді. Сонымен қатар Ақтауда вице-премьер Қанат Бозымбаевтың басқаруымен Үкіметтік комиссия құрылған болатын.

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев ұшақ апатының тергеу қорытындысы жыл соңына дейін жарияланатынын хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз