Қазақстанның 11 қаласында ауа сапасы нашарлайды – «Қазгидромет»

«Қазгидромет» РМК 30 наурызда күтілетін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) туралы ескерту жариялады. Алматы мен Астана қалаларын қоса алғанда, Қазақстанның 11 қаласында ауа сапасы нашарлайды.
«2025 жылғы 30 наурызда Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Темірату, Өскемен, Семей, Риддер, Алматы, Астана, Петропавловск қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі», — делінген хабарламада.
Толығырақ…
Астанада 30 наурызда қала бойынша ауаның ластану деңгейі жоғарылайды. Ауа райы қолайсыздығының 1, 2, 3 деңгейі тіркеледі.
Павлодарда ауаның ластану деңгейі жоғарылап, 1-дәрежелі ескерту жасалды.
Ал, Қарағандыда қала бойынша ауаның ластану деңгейі жоғарылайды.
Керісінше, Жезқазған, Балқаш, Теміртау қалаларында ауаның ластану деңгейі төмендейді.
Өскемен, Риддер және Семейде 30 наурызда ауаның ластану деңгейі жоғарылап, 2-дәрежелі ескерту жарияланды.
Алматыда 30-31 наурызда түнде метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы, ауаның ластану деңгейі төмендейді.