Тоқаев Қазақстан халқын Ораза айт мейрамымен құттықтады

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің аға тілшісі
Тоқаев Мьянма халқына көңіл айтты./фото: Ақорда
Фото:  kursiv.media архиві

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мейрамымен құттықтады.

«Татулық пен бауырмалдық, жақсылық пен игілік салтанат құратын осы қастерлі мерекенің барша мұсылман қауымы үшін мән-маңызы айрықша. Рамазан айында имандылыққа, рухани тазаруға ұмтылған жұртымыз Айт күні ақ дастархан жайып, қонақжайлық көрсетеді. Бір-біріне ізгі тілегін арнайды. Мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қамқорлық танытады. Сол арқылы адамгершілік құндылықтар қоғамымызда терең орныға түседі»,- делінген Ақорда хабарламасында.

Сондай-ақ Президент Ораза айт мерекесінің тағылымы ата салтымызбен терең сабақтасып жатқанын атап өтті.

 «Біздің дініміз де, дәстүріміз де азаматтарды бірлік пен ынтымаққа үндейді, өзара сыйлас болуға шақырады. Осы қасиеттеріміз барда халқымыздың Әділетті, Қауіпсіз, Таза әрі Қуатты Қазақстанды құру туралы арман-мұраты орындалатынына кәміл сенімдімін. Баршаңызға бақ-береке тілеймін! Әр шаңыраққа құт-береке дарысын!»,- делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз