Тоқаев пен Ердоған телефон арқылы сөйлесті: әңгіме не жайлы болды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған телефон арқылы сөйлесті.
Екі ел президенттері бір-бірін Ораза айт мерекесімен құттықтап, екі ел халықтарына бақ-береке тіледі. Сондай-ақ қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі дамытуға қос тарап әрдайым дайын екенін жеткізді.
«Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты ілгерілетуге ықпал ететін жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалогты қолдаудың өзектілігі айтылды. ұдан бөлек, президенттер көпжақты форматтағы тығыз ықпалдастықты жалғастырудың маңызды екеніне тоқталып, халықаралық ұйымдар аясындағы алдағы кездесулердің кестесін талқылады», – делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, бүгінде Түркияда Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлының қамалуынан кейін жаппай наразылықтар болып жатыр. Түркияның оппозициялық халық-республикалық партиясы елде кезектен тыс президент сайлауын өткізуге қол жинауды бастаған.