Түрік оппозициясы мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуге қол жинай бастады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Қол жинау науқаны Трабзон провинциясының Акчаабат уезінде басталды / Фото: T24 Trabzon,(DHA)

Түркияның оппозициялық халық-республикалық партиясы елде кезектен тыс президент сайлауын өткізуге қол жинауды бастады.

Мерзімінен бұрын сайлауға қол жинау жөніндегі жалпыұлттық науқанның басталғанын партия төрағасы Озгюр Фазель мәлім етті.

Қол жинау науқаны Қара теңіз жағалауындағы Трабзон провинциясының Акчаабат уезінде басталған. Бұл  өңір – қамауға алынған Ыстанбұл мэрі Экрем Имамоғлуның туған жері.

«Біз президенттікке кандидатымыз – мэр Экремнің бостандыққа шығуын және сайлау өткізуді талап етіп, қол жинау науқанын бастаймыз. Бұл – Түркияның және барша халықтың жарқын болашағы үшін жасалып отыр», – делінген мәлімдемеде.

Түркиядағы президенттік сайлау 2028 жылға жоспарланған, алайда оппозиция оны мерзімінен бұрын өткізуді талап етуде.

23 наурызда Халық-республикалық партиясының (ХРП) өкілдері елдің басты лауазымына кандидат анықтау үшін праймериз өткізді. Нәтижесінде, Экрем Имамоғлуны 14,8 миллионнан астам адам қолдады.

19 наурызда Имамоғлу қамауға алынып, мэр қызметінен шеттетілген еді. Бұған дейін ол жемқорлық, парақорлық және заңсыз қаржыландырумен айналысты деген ұйыммен байланысы бар деген күдікпен ұсталған. Алайда Имамоғлу бұл айыптауларды жоққа шығарып, террорлық ұйымдармен байланысы жоқ екенін мәлімдеді. Ол өз жақтастарына үндеу жасап, мойымауға және үміт үзбеуге шақырды.

Осыдан соң, Түркия астанасы Ыстанбұлда миллиондаған халық көшеге шықты. Шеру он күн бойы әлі басылған жоқ. Түркиялықтар қала мэрі Экрам Имамоғлудың тұтқындалуына наразылығын білдірді. 

Экрам Имамоғлу – 2019 жылдан бері Ыстанбұлдың әкімі. 2019 жылы наурызда сайлау өтіп, Имамоғлу Республика-Халықтық партиясының атынан жеңіске жеткен. Сол жылы сәуірде Эрдоған дауыс беру дұрыс есептелмеді деп, нәтижені жоққа шығарды. 23 маусымда қайта сайлау өтіп, Имамоғлу тағы да қатысып, екінші рет те жеңіске жетті. Ыстанбұл халқы оның қала үшін еңбегін жоғары бағалайтын көрінеді.

Қазір Экрам Имамоғлу темір торға қамалды, тергеу жүріп жатыр. Оны қылмыстық ұйымға жетекшілік етті, пара алды, тендер өткізген уақытта алаяқтық жасады деп айыптап отыр. Бірақ оған қарамастан Экрамның партиясы оны ресми түрде президенттікке ұсынды. Қазір ол Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның басты қарсыласы саналады.

Сондай-ақ оқыңыз