Досаев екі аптада бір рет Тоқаевқа есеп беріп отырады

Жарияланды
Досаевтың жауы
Досаев екі аптада бір рет Тоқаевқа есеп береді / Фото: gov.kz; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев шаһардағы жарықтандыру, абаттандыру және сумен жабдықтау мәселелеріне байланысты екі аптада бір рет президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп беріп отырады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желіде жазды.

Рулан Желдібайдың жазуынша, шаһар басшысы екі апта сайын қалада жасалған жұмыстарға қатысты президентке баяндап отыратын болған. Бұл Тоқаевтың қалаға жасаған соңғы сапарының нәтижесі болып отыр.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде қала әкімі Ерболат Досаевты қабылдап, шаһарды жарықтандыру, пәтерлерге суды уақтылы және толық беру, көшелер мен аулаларды абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма берді», – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, президент қаладағы көгалдандыру, көлік қозғалысын реттеу және қала тұрғындарын алаңдататын өзге де мәселелерді шешуді тапсырған.

«Ерболат Досаевқа еліміздің ең ірі қаласының қаржы, спорт, туристік әрі мәденихабыретіндегі мәртебесін нығайту және тиісті тәртіпке келтіру үшін басқару қызметін күшейту тапсырылды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 29 наурыз күні оңтүстік астанамызға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев келіп, оны қалада президент Тоқаев күтіп алған. Екі ел басшылары бейресми кездесу өткізіп, қаланы бірге аралап, әртүрлі іс-шараларға қатысқан.

Сондай-ақ оқыңыз