Трендке айналған GHIBLI стиліндегі суретті қалай жасауға болады

Жарияланды 31 Наурыз 2025 11:17

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
GHIBLI стиліндегі суретті қалай жасауға болады / фото: ChatGPT арқылы жасалынған

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде «GHIBLI стилінде жасалған сурет» деген тіркесті жиі кездестіруге болады. Көпшілік бұл стильді әдемі, жылы түсті, эмоцияға толы иллюстрациялармен байланыстырады. Бұл тренд анимация өнеріне қызығатындарды ғана емес, қарапайым қолданушыларды да елең еткізді. Ендеше, GНIBLI стилі деген не және оны ChatGPT көмегімен қалай жасауға болатынын бірге қарастырайық.

GHIBLI стилі деген не?

GHIBLI стилі – жапондық атақты Studio Gһibli анимациялық студиясының көркемдік мәнері. Бұл студия «Мейрамхана еліндегі рухтар» (Spirited Away), «Менің көршім Тоторо» (My Neighbor Totoro), «Хаулдың жылжымалы қамалы» (Howl’s Moving Castle) секілді танымал анимациялық фильмдерді түсірген.

GHIBLI стилінің ерекшеліктері:

  • Табиғат көріністерінің сұлулығы мен шынайылығы;
  • Жылы және жұмсақ түстер палитрасы;
  • Кейіпкерлердің эмоцияға толы бейнелері;
  • Мистикалық және қиялға толы атмосфера;
  • Баяу әрі лирикалық сюжет элементтері.

GHIBLI стилін ChatGPT арқылы қалай жасауға болады?

ChatGPT-тің тегін нұсқасында сурет салу мүмкіндігі жоқ, алайда OpenAI платформасы аясында жұмыс істейтін сурет генерациялау құралы — DALL·E арқылы GНIBLI стилінде сурет жасауға болады. Мұны жасау үшін ChatGPT-ке нақты сипаттама беріп, «Gһibli style» деп қосымша көрсету қажет.

Мысалы: «Көктем мезгілі, жапон ауылындағы қыз бала шие ағашының астында кітап оқып отыр. GHIBLI стилінде.»

ChatGPT осы сипаттама негізінде сурет жасайды. Нәтижесінде, Studio Ghibli стиліне ұқсас жұмсақ түсті, мультфильмге ұқсас әсем көрініс аласыз.

Ал егер ChatGPT-дің ақылы нұсқасын қолдансаңыз: Өзіңіздің кез-келген суретіңізді жүктеп, «Gһibli стилінде» деп жаза салсаңыз шығарып береді.

Неліктен бұл стиль трендке айналды?

Gһibli фильмдерімен өскен буын үшін бұл стиль ескі естеліктерді жаңғыртты. Көпшілік бұл стильден тыныштық пен жан жылуын сезінеді. Енді мұндай көріністерді жасау үшін суретші болу міндетті емес – ChatGPT секілді құралдар арқылы қиялға ерік бере аласыз.

Еске сала кетейік, бұған дейін оқушылар мен студенттерге пайдалы болатын 7 нейрожелісін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз