Мұрат Мутурғанов мемлекеттік цирктегі жемқорлық схемасын әшкерледі

Жарияланды 31 Наурыз 2025 15:33

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Мұрат Мутурғанов цирктегі жемқорлық схемасын әшкерледі / фото: скрин Замандас @Beisekeyev youtube

Белгілі цирк әртісі әрі қоғам белсендісі Мұрат Мутурғанов Қазақстандағы мемлекеттік цирк жүйесінде жылдар бойы орын алып жатқан жемқорлық схемасын Zamandas подкастында ашық айтып берді.

Әртістің айтуынша, штаттық кестені тексеру барысында ұзақ жылдар бойы шетел азаматтығын алған, бірақ әлі күнге дейін Қазақстан циркінің қызметкері ретінде тіркеліп тұрған адамдар анықталған.

«Мен штаттық тізімді қарағанда, бұрыннан жұмыс істеп жүрген әртістер бар екенін байқадым. Қазірдің өзінде азаматтығын өзгертіп, Ресей азаматтығын алған. Ондай 10 шақты адам бар. Оларға хабарласып, неге штатта екенін сұрасам, олар бұл жерде жұмыс істемегеніне он жыл болғанын айтады. Сонда мен не істеп жүрмін бұл жерде деп ойладым», — деді Мутурғанов.

Мутурғанов бұл жағдайдың жылдар бойы жалғасып келгенін айтып, бұл жүйенің түп-тамырымен шірігенін меңзеді. «Мен жай ғана бұл жүйеге кездейсоқ кіріп кеттім. Бір өзім ғана бұл нәрсемен айналыстым», — дейді ол.

Сондай-ақ оқыңыз