Оңтүстік Кореядағы ірі өртке зираттағы рәсім себеп болуы мүмкін

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Южная Корея пожары
Оңтүстік Кореяда ірі өртке зираттағы рәсім себеп болуы мүмкін / фото: reuters

Оңтүстік Корея тарихындағы ең жойқын орман өрті 26 адамның өмірін қиды, мыңдаған ғимаратты күлге айналдырды және 30 мыңға жуық адамды эвакуациялауға мәжбүр етті.

Reuters агенттігінің мәліметінше, бұл алапат өрт отбасылық зират басында жасалған дәстүрлі рәсім салдарынан тұтануы мүмкін.

Кёнсан-Пукто провинциясының полициясы күдікті ретінде 50 жастағы ер адамды ұстаған. Тергеу деректеріне сәйкес, 22 наурыз күні Ыйсон уезінде ата-баба аруағына тағзым ету рәсімін орындау барысында абайсызда өрттің тұтануына себеп болған. Дегенмен күдікті өз кінәсін мойындамай отыр.

Билік өкілдерінің айтуынша, өрт салдарынан шамамен 48 мың гектар жер жанып кетті, 4 мыңға жуық құрылыс нысаны жойылды. Табиғат апаты елдің оңтүстік-шығысында орналасқан елдімекендерге айтарлықтай зардап келтірді.

28 наурызға қарай өрттің негізгі бөлігі сөндірілгенімен, өрт сөндірушілер әлі де бірнеше ошақпен күресіп жатыр. Мамандар қазіргі таңда оқиғаның нақты себептерін анықтап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз