Әлемде Ораза айт мейрамын қалай қарсы алды – фоторепортаж
Жарияланды

Бүкіл әлемдегі мұсылман қауымы ислам дініндегі екі ұлық мейрамның бірі — Ораза айт мерекесін атап өтті. Бұл мереке Рамазан айының аяқталуымен қатар келеді.
Ораза айт, араб тілінде «Ид әл-Фитр» деп аталатын бұл мереке — «ауыз ашу мейрамы» деген мағына береді. Бір ай бойы жалғасқан Рамазан айындағы оразаның аяқталғанын білдіреді. Бұл кезең — тек ішіп-жеуден тыйылу ғана емес, сонымен қатар рухани тазару, дұға мен тәубеге келу уақыты.
Мереке қарсаңында мұсылмандар мешітке барып айт намазын оқиды, бір-бірін құттықтап, туған-туыс пен жақындарға қонаққа барады. Сондай-ақ жағдайы төмен адамдарға көмектесіп, пітір-садақа береді.



Иерусалимдегі айт намазы / фото: reuters



