Словения президенті Димаштың жанкүйері болып шықты

Жарияланды 31 Наурыз 2025 16:45

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Словения президенті Димаштың жанкүйері екен/ фото: Ақорда

Астанаға ресми сапармен келген Словения президенті Наташа Пирц-Мусар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз барысында отандық әнші Димаш Құдайбергеннің өнерін сүйіп тыңдайтынын айтты. Бұл туралы журналист Әділ Балтабаев хабарлады.

Кездесуде Пирц-Мусар Тоқаевқа өзінің Димашты ерекше жақсы көретінін ашық жеткізді. Мемлекет басшысы өз кезегінде қонағын қуантатын жаңалығымен бөлісіп, салтанатты қабылдау рәсімінде Димaш Құдайберген өнер көрсететінін айтты. Бұл жаңалыққа қатты қуанған Словения президенті Димашты қайта-қайта сұрап, өз қуанышын жасыра алмады.

Салтанатты қабылдау кезінде Наташа Пирц-Мусар Димашпен қол алысып, бұған дейін оның концертінде болғанын айтты. Ал Димаш бұл туралы естігенін айтып, мұндай құрмет оған ерекше әсер еткенін жеткізді.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген қараша айында Лондонда жеке концертін береді.

Сондай-ақ оқыңыз