Армения ҰҚШҰ жарнасын төлеуден бас тартты

Армения ҰҚШҰ жарнасын төлеуден бас тартқан. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеген.
Армения тарапы 2024 жылдың бюджетіне қатысты құжаттарға қол қоюдан бас тартқан.
«Армения тарапы ҰҚШҰ хатшылығына «ҰҚШҰ-ның 2024 жылға арналған бюджеті туралы» шешімге қол қоюдан және тиісінше ұйымның қызметін қаржыландыруға қатысудан бас тартатыны туралы ресми түрде хабардар етті», – деп мәлімдеген елдің Сыртқы істер министрлігі.
Армения ұстанымы
Айта кетейік, 2024 жылдың соңында Армения премьер-министрі Николь Пашинян «Армения өзін ҰҚШҰ-дан тыс санайтынын мәлімдеген болатын. Пашинян ұйым жұмысына қатыспайтынын, сәйкесінше, құжаттарды әзірлеуге, талқылауға да, ұсыныс білдіруге араласпайтынын жеткізді. Сонымен бірге ұйымның қандай бір құжатына вето қоюға құқығы болса, әріптестерін құрметтейтіні себепті вето қоймайтынын жеткізген.
ЕО-ға бетбұрыс
Армения ҰҚШҰ-дан теріс айналып, ЕуроОдаққа бағыт ұстай бастады. 2025 жылдың 27 наурыз күні Армения парламенті ЕуроОдаққа мүшелікке өту туралы заңды мақұлдады. Өз кезегінде ЕуроОдақ Арменияның бұл қадамын оң бағалап, «ЕО мен Армения арасындағы берік қарым-қатынастың дамуына жақсы ықпал ететінін» мәлімдеді.
Бұдан кейін Ресей президентінің бас хатшысы Дмитрий Песков Арменияның бұл шешіміне қатысты пікір білдіріп, бұл елдің екі одаққа бірдей мүше бола алмайтынын жеткізді.