Жапон ғалымдары жұлыны зақымдалған адамды аяққа тұрғызды

Жапон ғалымдары жұлынды емдеуде жаңалық ашты. Токионың Кэйо университетінің ғалымдары омыртқасы зақымдалып, мүгедек болып қалған адамдарды жаңа тәсілмен емдеген. Сынақ ретінде жүргізілген бұл ем-шараға жұлыны зақымдалған бірнеше адам қатысқан. Сол адамның ішіндегі екі адамның денсаулығынан оң өзгерістер байқалған.
Университет профессоры Хидэюки Оканоның бастамасымен омыртқасы зақымдалып, мүгедек болып қалған 4 адамға жаңа тәсілмен ем-шара жүргізілген. Ғалымдар индукцияланған плюрипотентті дің жасушаларымен емдей бастаған. Бұл жасушалар енгізілген жерде, сау клеткалар түзетінін анықталған. Солайша зақымдалған клеткалардың қалпына келуіне ықпал етеді.
NHK арнасы омыртқасына зақым келіп, мүгедек болып қалған егде жастағы емделушінің аяққа тұрғанын хабарлаған. Оған 2 миллионнан астам дің жасушасы енгізілген. Телеарна мәліметінше, ол адам енді аяғына тұра алады. Қазіргі таңда жүруді үйренуде.
Профессор Хидэюки Окано әлемде бірінші болып, жапон ғалымдарының жұлынды емдеудің тың тәсілін ойлап тапқанын, нәтижесінде үмітсіз қалған талай жанды аяққа тұрғызу мүмкіндігі арта түсетінін жеткізген.
Университет бұл тәсілмен емдеуге рұқсат қағазын 2019 жылы алған. Ал 2022 жылы алғаш операция жасалған.