Қазақстан Словенияға қандай тауар тасымалдайды?

Ақордада Словения президенті Наташа Пирц-Мусарды ресми қабылдау рәсімі өтеді. Осыған орай KursivMedia тілшісі Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннен Қазақстан-Слования арасындағы ынтымақтастық жөнінде сұрады.
Министр Қазақстанның Словениямен тауар алмасу көлемі соншалықты үлкен емес екенін, десе де, бұл бағытта біршама жұмыстар атқарылатынын жеткізді.
«Біз Словенияға негізінен фанера мен титан сатамыз. Олар бізге дәрі-дәрмек пен вакцина сатады. Тауаралмасу көлемі соншалықты бай емес. Бірақ ол көбінде транзиттік логистикамен байланысты. Словенияның Қара теңіз бойында порты бар. Сол арқылы да логистика құруға болады», – деді Жұманғарин.
Министр сонымен бірге Көлік министрлігінің транспорттық бағыттарды ретке келтіріп жатқанын айтты. Бұдан бөлек цифрлық даму, жасанды интеллект саласында да екі елдің ынтымақтастық орната алатынын айтты.
«Жалпы, Еуропа елдерінің ішінде Слования жақсы дамып жатқан мемелекет. IT, жасанды интеллект жөнінен алдыңғы қатарда. Біздің елде цифрлық даму жөнінен көш бастайды. Екі ел осы салада ынтымақтастық орната алады», – деді министр.