Трамп «бомба жаудыратынын» мәлімдеген соң, Иран зымырандарын сайлай бастады

АҚШ президенті Дональд Трамп ядролық келісімге келмесе, Иранға бомба жаудыратынын айтып, қоқан-лоққы көрсетті. Трамптың мәлімдемесінен кейін Иран елдің түкпір-түкпіріндегі зымыран қондырғыларын жауынгерлік әзірлік жағдайына келтірген. Бұл туралы жергілікті Tehran Times басылымы хабарлаған.
«Ирандық зымырандардың жерасты базаларында және барлық қалада қондырғыларға зымыран жүктеліп, ұшыруға дайын тұр. АҚШ билігі Pandora қорабын ашса, үкімет пен бұл елдің одақтастары көп шығындалайын деп тұр», – деп жазады басылым.
Сонымен бірге басылым АҚШ шабуыл жасалған жағдайда Тегеран Үнді мұхитында орналасқан Диего-Гарсиядағы америкалық базаға соққы жасайтынын хабарлаған.
Айта кетсек, жексенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп NBC News арнасына берген сұхбатында АҚШ пен Иран ядролық салада бір келісімге келмесе, елге бомба жаудыратынын мәлімдеген еді. Ал Ислам республикасының жетекшісі Әли Хаменеи АҚШ шабуылдаса, міндетті түрде жауап қайтарылатынын айтқан.