Динара Сәтжан хейтерлеріне жауап берді (видео)

Жарияланды 31 Наурыз 2025 16:42

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Динара Сәтжан жетістікке еңбекпен жеткенін алға тартты/фото: instagram
Динара Сәтжан жетістікке еңбекпен жеткенін алға тартты/фото: instagram

Динара Сәтжан хейтерлеріне жауап берді. Тележұлдыз танымалдылыққа кездейсоқтық емес, көп еңбекпен жеткенін алға тартты.

18 жастан телеарнада

Бизнес леди «Жай ғана жолы болып кеткен» деушілерге Жаңарқада туылып, 18 жасынан бастап телеарналарда жұмыс істегенін алға тартты.

Айтуынша, оның өмірлік ұраны – «Еңбек бәрін жеңбек».

Сыншыларының бірі: «Бітірген түгі жоқ, камера алдында қисаңдайды да жүреді» деп сын айтқан.

Түнімен монтаж жасаймын

Динара Сәтжан хейтерлеріне жұмысының қаншалықты ауыр екенін бейнеайғақтармен көрсетіп берген.

«Мен түннің бір уағына дейін монтаж жасаймын. Ай сайын елуден аса қызметкерге жалақы төлеймін», – деп жауап берді тележүргізуші.

Жеке брендпен жұмыс

Жеке кәсіп ашып, алғашқы сәтсіздіктен тауы шағылатындарға да кеңес берді. «Қазір бәсекелестік көп» деп, қолын бір сілтеушілерге Динара Сәтжанның жауабы да дайын.

«21 күннің ішінде жеке брендпен жұмыс істеуге үйрете аламын», – дейді Сәтжан.

Еңбекқор адам

Динара Сәтжанның өз еңбегімен жетістікке жеткенін көп адам мойындап отыр.

«Сізбен таныс болғаныма қаншама жыл болды. Қаншама жобада жұмыс істедік. Сізді дос, клиент, серіктес, блогер, жұлдыз, бизнес леди деп білемін. Сіз үлкен еңбектің адамысыз. Сізден басқа еңбекқор, мақсатшыл, қажырлы адамды атау қиын», – деп жазды Айжан Кәрімова.

Мұның алдында балдақпен жүрген мұғалімнің ІТ маманы, қаржыгер әрі бизнесменге айналғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз