KASE-нің жаңа басқарма төрағасы тағайындалды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: KCSD

«Қазақстан қор биржасы» АҚ-ға ресми түрде жаңа басшы тағайындалды. Енді ұйымды Әділ Нұрланұлы Мұхамеджанов басқарады деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

KASE-нің Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалғанға дейін Әділ Мұхамеджанов «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ Басқарма төрағасы болған. Оның басшылығымен Орталық депозитарийдің 2022-2024 жылдарға арналған даму стратегиясы әзірленіп, табысты іске асырылды. Осының нәтижесінде ұйымды цифрландыру және жергілікті депозитарлық хаб ретінде дамыту жүргізілді.

Жалпы кәсіби қызметін 2002 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаментінде бастады. Осы ұйымда түрлі лауазымды қызметтер атқарды. Ақша-кредит саясатын іске асыруға және Ұлттық қордың активтерін басқаруға жетекшілік етті. Одан кейін Әділ Нұрланұлы KASE-де Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып, сауда-саттық пен клиринг қызметін бақылау мен үйлестіруді жүзеге асырды.

Бұған дейін Қазақстан қор биржасын тоғыз жыл Алина Алдамберген басқарған еді. Осы жылы наурызда қызметтен өз еркімен кетті.

Сондай-ақ оқыңыз