Тоқаев Словения президентін Ақордада қарсы алды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусарды қарсы алды.

Алдымен  екі ел басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды. Салтанатты рәсімнен кейін, екі мемлекет басшысы келіссөз залына өтті.

Ақордадағы келіссөз кезінде сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланады.

Екі ел арасындағы келіссөз барысында іскерлік байланысты дамытуға айрықша назар аударылып, Қазақстан-Словения бизнес-форумы өтеді. Словения экожүйелерді қорғау және орнықты даму бастамаларын белсенді түрде ілгерілетіп келеді.

Айта кетейік, Словения президентінің ресми сапары екі күнге созылады.

Сондай-ақ оқыңыз