Араларында жік шықты ма: Трамп Маск Ақ үйден кетуі мүмкін екенін айтты

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің тілшісі
Трамп Маск Ақ үйден кетуі мүмкін екенін айтты
Трамп Маск Ақ үйден кетуі мүмкін екенін айтты/Фото: Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп «белгілі бір уақытта» Үкімет министрлігінің тиімділігі төмендейтінін айтып, Илон Маск Ақ үйден кетуі мүмкін екенін мәлім етті.

«Оның басқаруы тиіс үлкен компаниясы бар, сондықтан бір уақытта ол (өз саласына) қайтып оралады. Мен оны мүмкіндігінше ұзағырақ қалдырар едім. Ол өте дарынды жігіт, білесің бе, мен ақылды адамдарды жақсы көремін, ал ол өте ақылды және өз жұмысын жақсы атқарды», – деді Трамп Tesla және SpaceX компанияларының бас директоры туралы.

Трамп Маск кеткен соң, ол басқарған үкіметтегі тиімділік департаменті – DOGE жұмысы жалғаса беретінін меңзеді. Оның сөзінше, федералды агенттіктердің басшылары өз бетінше жұмыс істеуді үйреніп, кейбірі DOGE қызметкерлерін сақтап қалғысы келетінін айтқан.

Илон Маск Трамп әкімшілігіндегі үкіметтің арнайы қызметкері ретінде о баста 130 күнге келгені хабарланды. Оның қызметтік мерзімі мамыр айында аяқталады. Маск Трамп әкімшілігінің қатарына қосыла сала мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқарту, USAID агенттігі мен «Азаттық радиосы» және Voice America медиакорпорацияларын жауып тастау сияқты оқыс ұсыныстар жасаған. Трамп оның бұл ұсыныстарына құлақ түрді. Бүгінде атанған ұйымдар Трамп шешімін сотта даулап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз