Енді жолда кедергі келтірген көлік иесіне хабарлама жіберуге болады

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
eGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа қызмет іске қосылды
eGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа қызмет іске қосылды/фото: shutterstock

eGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа «Көлік иесіне мәселе туралы ескерту» қызметі іске қосылды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады.

Жаңа қызметті көлік жол жүруге кедергі келтіргенде, жол апатына ұшырағанда, көлік шамдары қосулы қалып қойғанда, дабыл жүйесі іске қосылғанда немесе дөңгелегі жарылғанда пайдалануға болады.

Азамат бұл қызметті 2 сағат ішінде тек 5 рет пайдалана алады.

«Мәтін түріндегі хабарламаларды жіберу кезінде өтініш беруші көліктің иесі туралы ешқандай ақпарат алмайды, eGov Mobile қолданбасы пайдаланушыларға анонимді хабарламалар жібереді», – делінген ақпаратта.

Егер пайдаланушыда push-хабарлама қосулы болса, ол смартфонда бірден көрінеді. Хабарландыру өшірілген жағдайда, ақпарат eGov Mobile қосымшасының «Хабарламалар» – «Таратылымдар және ескертулер» бөлімінде сақталады.

Сондай-ақ оқыңыз