Қаскелеңде айыпталушы сот ғимаратынан қашып кетті
Жарияланды
(жаңартылды )

Қаскелеңде сотталушы сот ғимаратынан қашып кетті. Бұл жағдай Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында болған. Ақпаратты KursivMedia тілшісіне Алматы облысы полициясының баспасөз қызметі растады.
«Қамауға алынған М.-нің қашып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адамды ұстау үшін іс-шаралар кешені қабылданып жатыр», – делінген полиция таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеріс тағайындалған.
«Азаматтардан тыныштық сақтауды және іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда 102 телефонына дереу хабарлауды сұраймыз», – деп мәлімдеді Алматы облысы полициясы.