Жоғарғы сот психотроптық зат сақтағаны үшін сотталған азаматты босатты

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Жоғарғы сот
Жоғарғы сот сотталған азаматты босатты/фото:shutterstock

Жоғарғы сот психотроптық зат сақтағаны үшін сотталған А. Лисин есімді қазақстандықты қамаудан босатты. Бұған тінту жұмыстарының заң талаптарына сай жүргізілмегені себеп болған. Мұндай жағдайда алынған дәлелдердің заңды күші болмайды деп хабарлайды KursivMedia.

Лисин ірі мөлшерде психотроптық затты өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау бабы бойынша кінәлі деп танылып, 3,6 жылға бас бостандығынан айырылған.

Сот алқасы іс материалдарын қарап, жеке тінту жүргізген кезде заң талаптары бұзылған, сондықтан барлық дәлелдің күші жоқ деп тапты. Соған байланысты іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің болмауына байланысты іс тоқтатылды. Лисин дереу қамаудан босатылды. Оған оңалту құқығы берілді.

Іс материалдарында 2024 жылдың 30 қаңтарында тергеуші Лисинге қатысты рұқсатсыз жеке тінту жүргізгені айтылған. Құжаттар арасында тергеушінің 30 қаңтардағы жеке тінтуді жүргізу туралы қаулысы бар.

Алайда тінту туралы шешім қабылдау кезінде тінту жүргізіліп жатқан адамның жеке деректерін, әрекеттердің толық сипаттамасын, табылған затты, оның қалай оралғанын, тінту нәтижесін көрсеткен. Бұл мәліметтер жеке тінтуді нақты жүргізу кезінде анықталуға тиіс. Осылайша, жеке тінту басталғанға дейін Лисинге тінту жүргізу туралы қаулы хабарланбаған және оған танысуға ұсынылмаған.

Сондай-ақ оқыңыз