
АҚШ-та Ferrari мен Porsche күрт қымбаттады. Италиялық және неміс спорткарларының бағасы неге шарықтап кетті және бұл АҚШ-тың жаңа сауда саясатына байланысты ма?
Еуропалық брендтерге жаңа соққы
2025 жылдың 3 сәуірінен бастап АҚШ-та импорттық автокөліктерге жаңа баж салығы енгізіледі. Бұл – Дональд Трамптың сауда саясатын қолдау және америкалық өндірушілерді қорғауға бағытталған экономикалық стратегиясының бір бөлігі. Бірінші болып Ferrari мен Porsche зардап шекті: бұл брендтердің АҚШ-та өндірістік алаңдары жоқ. Сондықтан олар толықтай 25%-дық салыққа ілігеді. Нәтижесінде бағалары бірден өзгеріп шығар келді.
Бағалар қалай өзгерді?
Ferrari өз бағаларын қайта қарап, модельдерінің орташа бағасын 10%-ға көтерді. Бірақ құнының өсуі барлық модельге қатысты емес. Қымбаттаған автокөліктер тізімі:
- Ferrari Purosangue
- Ferrari 12Cilindri
- Ferrari F80
Бұл өзгерістер Roma мен SF90 модельдерінің нарықтан кетуімен және 296 сериясының жаңартылуымен байланысты болуы мүмкін.
Porsche бағаларын көтерді, бірақ әзірге тек 911-ші моделіне қатысты. Базалық купе бағасы 6,5%-ға (шамамен 8000 доллар) өсті. 2026 жылдың модельдік қатары:
- Carrera S/Carrera S Cabriolet – 255 долларға қымбаттады
- Carrera/Carrera Cabriolet – 7755–7855 доллар қымбаттайды
- Қалған 911 модельдерінің бағасы 5000 доллар шамасында өседі
- GT нұсқаларының жаңа бағалары әлі жарияланған жоқ
Қандай брендтер қауіпті аймақта?
Сарапшылардың пікірінше, алдағы уақытта басқа да еуропалық люкс автокөліктері қымбаттауы мүмкін. Тәуекел тобына кіретін брендтер:
- Bentley
- Rolls-Royce
- Aston Martin
- Lamborghini
Бұл компаниялар ресми мәлімдеме жасаған жоқ, бірақ дилерлер бағаның көтерілуіне дайындалуда.
Салықтың артуы Mercedes-Benz пен BMW неге әсер етпеді?
Ferrari мен Porsche-ден айырмашылығы, Mercedes-Benz пен BMW бұл жаңа баж салығынан айтарлықтай зардап шекпейді. Себебі бұл компаниялар АҚШ нарығына бейімделіп, автокөліктерінің көп бөлігін сол жерде шығарады.
- BMW зауыты (Оңтүстік Каролина) X5, X6, X7 модельдерін шығарады
- Mercedes-Benz зауыты (Алабама) GLS және GLE модельдерін құрастырады
Жергілікті өндірістің арқасында бұл көліктер жаңа баж салығын төлейтін өндірушілер қатарына ілікпейді.
Суперкарлар нарығы күтуде
Бағаның өсуіне қарамастан, Ferrari мен Porsche автоларына сұраныс уақытша артуы мүмкін. Себебі сатып алушылар жаңа тарифтер күшіне енгенге дейін, автокөліктерді ескі бағамен сатып алуға тырысады деген болжам бар.
Сонымен қатар суперкар иелері эксклюзивті модельдерді инвестиция ретінде қарастырады. Экономикалық белгісіздіу жағдайында люкс автокөліктер сенімді актив ретінде бағаланады.
Келесі қадам қандай?
Жаңа баж салығы 3 сәуірде күшіне енеді, бірақ заң жобасы соңғы сәтте өзгеруі мүмкін. АҚШ-тың Қаржы министрі Скотт Бессент баж мөлшерлемелері қосымша талқыланатынын және олардың америкалық тұтынушыларға зиян келтірмеуі тиіс екенін мәлімдеді.
Сонымен қатар еуропалық автоконцерндер бұл жағдайдан шығудың жолдарын іздеуде. АҚШ-та өндіріс ашу немесе ішінара іске қосу – салықтан «аман қалу» немесе амалын табудың бір жолы, бірақ бұл үлкен инвестицияны талап етеді және жуырда мәселені шеше қоймайтыны анық.
Еске сала кетсек, АҚШ президенті Дональд Трамптың ҚХР, Мексика мен Канадаға салық салуына қатысты ақпараттан кейін, автокөлік компанияларының құнды қағаздары бірден құлдыраған еді.
Wolfe Research сарапшысы Эммануэль Роснер сөзінше аталған елдер АҚШ-ға жылына 97 млрд доллар сомаға көлік бөлшектерін және тағы 4 млн бірлік дайын авто тасымалдайды екен. Оның айтуынша, жаңа баж жеңіл көліктерге сұранысты 1 млн-ға азайтуы ықтимал.