
Air Astana әуекомпаниясы Алматы мен Гуанчжоу қалалары арасында жаңа тұрақты әуе бағытын іске қосты. Бұл туралы Kazakh Tourism хабарлады.
Жаңа бағыт бойынша рейстер аптасына үш рет – сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.
Кестеге сәйкес, ұшақ Гуанчжоудан таңғы сағат 06:50-де ұшып шығып, Алматыға сағат 10:20-да қонады.
Алматыдан ұшу уақыты – кешкі сағат 20:50, Гуанчжоуға келу уақыты – келесі күні таңғы 05:45 (барлық уақыттар жергілікті).
Айта кетейік, 2024 жылы Қытайда өткен Қазақстан туризмі жылының қорытындысы бойынша Аспан асты елінен келген туристер саны 78 пайызға өсіп, 655 мың адамға жеткен.
Сондай-ақ, екі елдің басшылары 2025 жылды Қазақстандағы Қытай туризмі жылы деп жариялаған еді.