Жаңбыр, тұман мен екпінді жел: сәуірде ауа райы қалай құбылады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
9-11 қараша ауа райы
Сәуірде ауа райы қалай құбылады / Фото: shutterstock

Сәуір айында Қазақстан аумағында ауа температурасы біртіндеп жоғарылап, табиғаттың толық көктемге бет алғанын сезінуге болады.

«Қазгидромет» мәліметтеріне сүйенсек, айдың алғашқы онкүндігінде еліміздің солтүстігінде тәуліктік орташа температура 0°С-тан жоғары, ал оңтүстікте бұл көрсеткіш +10°С-тан асады.

Алғашқы онкүндік: қар мен жаңбыр қатар жүреді

Сәуірдің бірінші онкүндігінде елдің солтүстік бөлігінде түнде жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде жаңбыр қарға ұласып, көктайғақ болуы мүмкін. Күндіз жаңбыр жауады. Ал оңтүстікте найзағайлы жаңбыр болжанып отыр.

Аймақтар бойынша ауа температурасына тоқталсақ:

  • Батыс өңірлерде түнде ауа температурасы +8…+13°С-тан -3…+8°С-қа дейін, күндіз +18…+25°С-тан +11…+16°С-қа дейін ауытқиды. Кейбір күндері оңтүстік-батыста +20…+28°С-қа дейін жылынуы мүмкін.
  • Солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнгі температура -5…+5°С пен +3…+8°С аралығында, күндіз +8…+13°С-тен +15…+22°С-қа дейін жетеді.
  • Оңтүстікте түнде +2…+10°С-тен +10…+15°С-қа дейін, күндіз +18…+25°С пен +25…+30°С аралығында жылы болады.
  • Оңтүстік-шығыста түнгі ауа температурасы -5…+5°С пен +7…+12°С аралығында, күндіз +12…+20°С-тан +18…+27°С-қа дейін өзгереді.

Сәуірдің екінші онкүндігінде елдің солтүстік жартысында жаңбыр мен аздаған қар болуы мүмкін. Ал үшінші онкүндікте негізінен жаңбыр жауады.

Республика аумағында түнгі температура +5…+13°С-тан -3…+5°С-қа дейін, күндіз +15…+25°С-тен +8…+13°С-қа дейін ауды.

Оңтүстік пен батыс өңірлерде күндіз ауа +23…+32°С-қа дейін қызуы ықтимал. Дегенмен кейбір күндері салқындап, температура +10…+18°С шамасында болуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз