Сәуірде Ұлттық қордан 1 млрд доллар сатылады
Жарияланды

2025 жылғы наурыз айында Ұлттық қордан 748 млн доллар сатылса, сәуірде 1 млрд доллар саудаланады. Бұл туралы Ұлттық банктің өткен айдың қорытындысына арналған валюта нарығына қатысты есебінде айтылды.
Қадағалаушы мекеменің мәліметінше, Ұлттық қордан сатылған валюта республикалық бюджетке трансферт бөлуге, сонымен бірге «Талдықорған-Үшарал» магистральдық газ құбырын салуға қатысты инфрақұрылымдық жобаны қаржыландыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Ал сәуір айында Ұлттық қордан 1 млрд доллар көлемінде бюджетке трансферт жасалады деп жоспарланған.
Ұлттық Банк наурыз айында валюталық интервенция жүргізген жоқ.