Ипотека рәсімдеуде көпшілік неге Freedom bank-ті таңдайды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Freedom bank-те ипотека рәсімдеу жеңіл / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Бүгінгі күні Freedom bank арқылы ипотека рәсімдеу оңай. Өйткені бұл банкте ипотеканы рәсімдеуге небары 24 сағат кетеді. Бұл туралы және банктің басқа да мүмкіндіктері жөнінде үкімет сағатында Freedom Holding Corp. басшысы Тимур Турлов айтып берді.

Freedom  және мемлекеттік қызметтер

Тимур Турлов мемлекеттік сервистердің Freedom экосистемасына қалай әсер етіп жатқанына тоқталып өтті. Айтуынша, Freedom bank 145-тен астам мемлекеттік сервиспен интеграцияланған. Нәтижесінде бүгінгі күні reedom SuperApp-тан 29 мемлекеттік қызметті алуға болады.

«Біздің жетістікке жетуімізге банктің цифрлық өнімдері себеп болды. Мемлекеттің арнайы сервистер арқылы қолдау көрсетуі нәтижесінде классикалық бизнес процестер өзгеріп, жаңа деңгейге көтеріліп жатыр. Соның ішінде халықтың өміріне тікелей әсер етіп жатқаны банктік сервистер деп айтар едім. Бүгінгі күні Freedom bank 145-тен астам мемлекеттік сервистермен интеграцияланды. Қазіргі таңда Freedom SuperApp-та 29 мемлекеттік қызмет қолжетімді. Бұл көрсеткіштер алдағы уақытта өсе түсетініне сенімдімін», – деді Турлов.

Ипотека рәсімдеу

Банк басшысы елде цифрландырудың дамуының ипотека беру уақытын айтарлықтай қысқартқанын айтты. Бұл орайда банк қызметтерінің жақсаруына жасанды интеллектінің енгізілуі оң әсер еткен.

«Біз ипотекалық кредитті беру мерзімін 14 күннен 24 сағатқа дейін азайттық. Ипотекалық бағдарлама бойынша шамамен 2 млн өтініш келіп түсті. Сағат сайын 40-тан астам өтініш келіп түседі. Жалпы, бұл өтініштер бойынша 1,2 млрд долларға 33,5 мың несие берілді. Ең бастысы, Қазақстанда, нақты айтқанда, біздің банкте бір ипотекалық несиені рәсімдеу шығыны 220 долларды құрайды. Ал АҚШ-та бұл көрсеткіш 10,5 мың доллар «, – деді банк басшысы.

Сонымен бірге Турлов бизнеске берілетін несиені онлайн рәсімдеу мүмкіндіктері кеңейтілгенін айтты. Қазіргі күні кәсіпкерлер онлайн негізде 100 млн теңгеге дейін несиені онлайн рәсімдей алады.

Турловтың баяндамасын мұқият тыңдаған премьер-министр Олжас Бектенов банктің жұмысына оң баға беріп, мемлекеттік қолдау көрсетілетінін жеткізді.

«Расында, Freedom bank ақпараттық технологияларды дамыту, телеккоммуникация мен смарт технологияларды енгізуде жаұсы нәтиже көрсетіп жатыр. Сондықтан біз мемлекеттен қолдау көрсетеміз», – деді Бектенов.

Сондай-ақ оқыңыз