Жеке куәлік онлайн рәсімделіп, құжатқа суретке түсуге ЖИ көмектеседі

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Енді жеке куәлікті онлайн рәсімдеу тетігі енгізіледі / Фото: kursiv.media архив

Алдағы уақытта eGov порталында жеке куәлікті онлайн рәсімдеу тетігі іске қосылады. Азаматтарды құжатты рәсімдеуге жасанды интеллект көмектеседі. Бұл туралы Үкімет сағатында Цифрлық даму және инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтты.

eGov порталы жаңғыртылады

Министр eGov порталының 2013 жылғы технологиялар негізінде жұмыс істеп келе жатқанын, платформа жаңғыртуды талап ететін айтты.

«eGov порталы 2013 жылғы технологиялар негізінде құрылған және өзінің мүмкіндігінің шегінде жұмыс істеп жатыр. Жаңартуларды енгізуде қиындықтар бар, жаңа функцияларды енгізуде шектеулер бар. Инфрақұрылымға түсетін жүктеме артып келеді. Сервистердің қолжетімсіз. Осы жағдайларды назарға алып, біз eGov-ты жаңа
технологиялық шешімдер негізінде жаңғыртуға кірістік», – деді Мәдиев

AI-ассистент

Жаңғырту барысында виртуалды AI-ассистент іске қосылады. Осы AI-ассистент көмегімен жеке куәліктер де онлайн рәсімделе бастайды. Министрлік мемлекеттік органдармен бірлесіп, халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетілетін біршама қызметтерді автоматтандыруды қолға алған. Солайша айдың соңынан бастап азаматтарға жеке куәлікті онлайн рәсімдеуге мүмкіндік беріледі.

«Ең сұранысқа ие қызметтердің бірі — жеке куәлікті ауыстыру. Бұрын азаматтардың Халыққа қызмет көрсету орталығына келуі, фото түсіруі және ұзақ кезекте тұруы
қажет болатын. Айдың соңына дейін бұл процесс толығымен онлайн форматқа көшіріледі. Біз процестерді сәтті сынақтан өткіздік және фотосуреттің талаптарға сәйкестігін маманның орнына AI-модель бағалайтын жүйені оқытуды аяқтап жатырмыз», – дейді Мәдиев.

Жеке куләікті рәсімдеу үрдісі

Министрдің айтуынша, бұл процесс барынша қарапайым. Жеке куәлікті онлай рәсімдеу үшін идентификациядан өту керек, артынша фото мен қолтаңбаны жүктеп, онлайн төлем жасау керек болады. Ал құжат дайын болғанда SMS келеді. Бұл қызмет кезексіз, үйллен шықпай, онлайн көрсетіледі. Нәтижесінде бұл іске қосылатын сервис шамамен 1 млн азаматтың Халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажеттілігін жойып, орталықтарға түсетін жүктемені біршама азайтады.

Сондай-ақ оқыңыз