Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мирзиёевтің шақыруымен Өзбекстанға барады

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
Президент 3-4 сәуір күндері жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады / Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 3-4 сәуір күндері жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаевты Өзбекстен президент Шавкат Мирзиёев шақырған. Бұл сапарында президент Самарқан қаласына барып, онда өтетін «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитінің отырысына қатысады. Сондай-ақ Өзбекстанда бірқатар кездесу өткізетіні айтылған.

Айта кетсек, бірнеше күн бұрын президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан басшысы Алматыда кездескен болатын. Шавкат Мирзиёевті президент Алматы әуежайынан өзі қарсы алды. Екі елдің президенттері Медеу мұз айдынына барды.

Өзбекстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа достық пейіл білдіргені үшін алғыс білдіріп, қазақ-өзбек қарым-қатынасының жаңа деңгейге көтерілгенін мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз