Оттың жалыны 500 метрге дейін жетеді. Малайзияда газ құбыры жарылды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Малайзияның Субанг-Джая елдімекенінде болған өрттің жалыны 500 метрге дейін жеткен / Фото: Reuters

Малайзияның Куала-Лумпур қаласынының маңындағы Субанг-Джая елдімекенінің Путра хайтс ауданында газ құбыры жарылып салдарынан 112 адам зиян шеккен. Зардап шеккендердің ішінде 63 адам ауруханаға жатқызылған. Бұл туралы жергілікті Malaymail басылымы хабарлады.

Апат 1 сәуір күні таңғы сағат 8 шамасында болған. Жергілікті полиция басқармасының басшысы аудандағы үйлердің зиян шеккенін айтқан. Апатқа байланысты өрт маңындағы үйлердің тұрғындары шұғыл түрде эвакуацияланған.

Газ құбыры Petronas Gas Berhad компаниясына тиесілі. Компания отты сөндіру үшін бұл бағыттағы құбырлар бойынша газ беруді тоқтатқан. Бірақ өртті әлі сөндіріп үлгермеген. Билік өрттің оқшауланғанан хабарлаған. Компания өрттің құбырлардағы газ біткенде, бірақ тоқтайтынын мәлімдеген.

«Қазіргі уақытта өрт салдарынан 190 үй, 148 автокөлік және 11 мотоциклге түрлі зақым келгені анықталды. Сондай-ақ үйлердегі өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде», – деп мәлімдеген Селангор өрт сөндіру және құтқару департаментінің директоры Разали Ван Исмаил.

Өрт кезінде оттың жалыны 500 метрге дейін жеткені айтылады.

Сондай-ақ оқыңыз