ТЖМ таулы аймақтарда көшкін қаупі артқанын ескертеді

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы тауларда қар көшкіні қаупі артқаны туралы ескертеді. Министрліктің мәліметінше, қауіпті кезең басталғалы 70 рет қар көшкіні жүрген.
Осы орайда министрлік елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінің таулы аймақтарында көшкін қаупі сақталатынын ескертеді. Әсіресе, көктем мезгілінде көшкін белсенділігі артып, адамдар үшін үлкен қауіп төндіруі мүмкін.
«Осы өңірлерде көшкін белсенділігі сәуір айында артуы мүмкін, бұл кезде көшкіннің өздігінен түсуі жиі кездеседі. Температураның күрт ауытқуы, қалың қар жаууы және қарлы боран болуы мүмкін. Бұл көшкін қаупінің артуына ықпал етуі мүмкін. Қар көшкіні қауіпті кезең басталғаннан бері 70 рет қар көшкіні өздігінен түсті», – деп ескертеді министрлік.
Алдын-алу шаралары
Тәуекелдерді азайту мақсатында 102 профилактикалық іс-шара жүргізілген. Атап айтқанда, мынадай шаралар атқарылған:
- Қар түсіру шаралары жүргізілген;
- Қар ұстайтын қалқандар орнатылған;
- Қауіпсіздік мақсатында туристер мен демалушыларға ұсыныстар берілген:
- Қауіпті аймақтар мен көшкін қаупі бар аймаққа халықтың және автокөліктің кіруіне шектеу қойылып, блокбекеттер қойылды.
Таулы аймақтарда қар көшкіні қаупінің артуына байланысты ТЖМ тауларға барудан және дайын емес учаскелерде жүруден сақтануға шақырады. Сондай-ақ тауда болған кезде сақтық таныту қажет екенін ескертті.