Анасын өлтіріп, өртеп жіберген күдікті сотталмауы мүмкін

Анасын өлтіріп, сүйегін өртеп жіберген Шымкент тұрғынының соты басталды. Бұл істі қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық соты қарастырып жатыр.
Оtyrar ақпаратына қарағанда, оқиға 13 қаңтарда жеке тұрғын үйлердің бірінде болған еді. Дархан Жолдыбай атты 31 жастағы күдікті 54 жастағы жарымжан анасын бірнеше жерінен пышақтап, қылқындырып өлтіріп, денесін ауладағы шұңқырға тастаған. Артынша сүйегін өртеп жіберген.
Сотталушы денсаулығының сыр беруіне байланысты іске қатыстырылмаған.
Десе де, қылмысы дәлелденгенмен күдікті сотталмауы мүмкін.
Өйткені, прокуратура күдіктінің шизофрения дертіне шалдыққанын анықтап отыр. Бұрын оған психиатрлар осындай диагноз қойған көрінеді.
Әдетте, мұндай ауруы бар адамдарды сот мәжбүрлі түрде емдеуге арнайы мекемеге жібереді.
Полиция күдіктінің үстінен «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғап, қамауға алынған болатын.
Мұның алдында Павлодарда психикалық ауытқуы бар адамның жас балаға тап бергені туралы жазған едік.