Баян Алагөзова әр ару қатыса алатын сұлулық байқауын өткізбек

Жарияланды 1 Сәуір 2025 17:13

(жаңартылды 2 Сәуір 2025 08:27)
Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Баян Алагөзова әр ару қатыса алатын байқауға қатысушыларға ешқандай шектеу қоймайтынын айтты. /ашық дереккөз
Баян Алагөзова әр ару қатыса алатын байқауға қатысушыларға ешқандай шектеу қоймайтынын айтты/ашық дереккөз

Баян Алагөзова әр ару қатыса алатын сұлулық байқауын өткізетінін жария етті. Айтуынша, бұл бастама – жұртшылықтың тілегі.

Кімдер қатыса алады?

Танымал продюссердің сөзіне қарағанда, сұлулық байқауын ұйымдастыру жұмыстарын қазірдің өзінде бастап кеткен.

«Бұл жай ғана сұлулық байқауы емес, біз қызық та, бірегей әйелдерді іздейміз. Бастысы, көрген адамдарға шабыт бере алатындай өзін-өзі жеңіп шыққан арулар қажет», – деді ол.

Баян Алагөзованың сөзіне қарағанда, үміткерлерден сұлулық талап етіледі. Киім үлігісі кең пішімді болмауы тиіс. Биік өкшелі туфли кию – міндетті шарттардың бірі.

Талаптары қандай?

«Биік өкшемен сахнада жүре алу – өте маңызды. Өйткені бізде дефиле байқауы болады. Өтінім беріп, жеке жетістіктеріңіз бен жеңістеріңіздің оқиғасын жазуды ұмытпаңыздар», – деді Баян Алагөзова.

Баян Алагөзова байқауға қатысушыларға ешқандай шектеу қоймайтынын айтып отыр. Айталық, жас-шамасына қарамай, барлық жастағылар қатыса алады. Тіпті, әдемі, жарасымды болып тұрса, бойы мен салмағы да маңызды емес. Тек қана 80 келіден жоғары болмауы қажет.

Сондай-ақ Баян Алагөзова әр ару өзінің ерекшеліктерін көрсетуіне мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Кастинг қашан өтеді?

Кастинг Алматы қаласында 4-5 сәуірде өтеді. Алайда Баян Алагөзова уақыты мен өтетін орнын әлі нақтылау қажет екенін алға тартты. Десе де, Қазақстанның әр қиырынан келетін үміткерлердің билет алып, ұшып келуіне бір аптаға дейін уақыт бар.

«Ескерте кететін жайт, дайындық кезеңі бір айдан кем болмайды. Бір жаққа кетіп, өз істеріңізбен айналыса алмайсыздар. Өйткені бұл – ауқымды, еңбекқорлықты талап ететін жұмыс», – дейді продюссер.  

Қанша үміткер тілек білдірді?

Сұлулық байқауына қатысқысы келген арулардан толассыз хабарлама келіп жатқанын көрсетті. Бүгінге дейін сұлулық байқауына қатысқысы келетіндерден 1 200-ден аса өтінім түсіп үлгерген.

Сұлулық байқауын ұйымдастырушылар қазір үміткерлерді іріктеумен айналысып жатыр. Нәтижесінде, Баян Алагөзова осы байқау арқылы әйелдердің жолын ашуды көздейді.

Мұның алдында танымал продюссер сәлем салуды «жабайылық» деп атаған еді.  

Сондай-ақ оқыңыз