Таиландта қазақстандық туристер отырған катер жарылып, өртеніп кетті

Таиландта қазақстандық туристер отырған катер жарылып, өртеніп кеткен. Бұл туралы таиландтық туристік полициясы хабарлаған.
ТАСС ақпаратына қарағанда, оқиға Таиландтың оңтүстігіндегі Пхукет провинциясындағы Майтон аралының маңында болған.
«Туристік катер Майтон аралы маңында жарылды. Онда Қазақстан мен Ресейден келген 31 турист болған. Оқиға кезінде 30 турист судың ішінде жүзіп жүрген. Бір ресейлік турист бортта қалған. Ол күйік алып, ауруханаға жеткізілді. Қалған 30 турист жарақат алмады. Қонақүйлеріне қайтты», – делінген полиция ақпаратында.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ішінде төрт қазақстандық болғанын, олардың аман-есен екенін хабарлады.
Мұның алдында Таиландта және басқа да шетелде демалыс кезінде нені білу керек екенін туралы жазған едік.