Елдегі инфляция 10%-ға жетті

Наурыз айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция Қазақстанда 10%-ға дейін өсті (ақпанда – 9,4%), ал айлық көрсеткіш 1,3%-ға дейін баяулады (ақпанда – 1,5%). Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Баға өзгерістері
- Ақылы қызметтер жыл ішінде 14,3%-ға (ақпанда – 14,1%).
- Азық-түлік емес тауарлар 9,1%-ға (ақпанда – 8,7%).
- Азық-түлік өнімдері 7,6%-ға қымбаттады (ақпанда – 6,5%).
Коммуналдық қызметтер (өткен жылдың наурызымен салыстырғанда)
- Суық су – 88,4%
- Кәріз жүйесі (су бұру) – 23,7%
- Орталық жылу жүйесі – 19%
- Ыстық су – 14,6%
- Электр энергиясы – 14,3%
- Газ (тарату желілері арқылы тасымалданатын) – 13,3%
- Қоқыс шығару – 11,1%
- Тұрғын үйді күтіп-ұстау төлемі – 11%
Қызмет көрсету саласындағы баға өсімі
- Туристік демалыс қызметтері – 47,3%
- Байланыс қызметтері – 13,9%
- Денсаулық сақтау қызметтері – 13,4%
- Көлік жөндеу және техникалық қызмет көрсету – 12,9%
- Шаштараз және жеке қызмет көрсету орындары – 12,6%
- Қоғамдық тамақтану орындары – 11,3%
- Спорт және демалыс саласындағы қызметтер – 9,2%
Көлік қызметтері
- Теміржол жолаушылар тасымалы – 23,6%
- Қалалық автобуспен жүру – 11,2%
- Әуе жолаушылар тасымалы – 10%
- Тұрғын үйді жалға алу ақысы – 14,9%
Қымбаттаған өнімдер:
- Картоп – 66,4%
- Пияз – 32,2%
- Қырыққабат – 27,3%
- Минералды және ауыз су – 17,1%
- Күнбағыс майы – 16,8%
- Кондитер өнімдері – 15%
- Алкоголь және темекі өнімдері – 13%
- Жеміс-жидек және көкөніс шырындары – 11,4%
- Сиыр еті – 11,2%
- Газдалған сусындар – 11,1%
Бағасы төмендеген өнімдер:
- Қарақұмық жармасы – 17,7%
- Жұмыртқа – 8,3%
- Сәбіз – 7,4%
- Күріш – 6,3%
Өңірлер бойынша инфляция деңгейі
2025 жылдың наурызында республикалық орташа көрсеткіштен жоғары инфляция 7 өңірде тіркелді. Ең жоғары көрсеткіштер Астана (13,3%), Қарағанды (12,1%) және Ақмола облысында (12%) тіркелген.
Бірақ бұл соңы емес. Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин инфляция 12 пайызға дейін жетуі мүмкін деген. Онда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені де өсіруіне тура келеді. Ал базалық мөлшерлеме көтерілген сайын, банктер беретін несие мен ипотека қымбаттай түседі. Қаржы ұйымдары кредит мөлшелемесін негізі көрсеткіштен төмен бекіте алмайды.