Kaspi 2024 жылдың IV тоқсанындағы қарапайым акциялар үшін дивиденд төлемейді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: коллаж Kursiv Media/ бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстандық финтех Kaspi.kz 2024 жылға қарапайым акциялар бойынша дивиденд төлемейді. Бұл туралы компания акционерлері хабарлады.

Дивиденд төлемеу жайлы шешім 28 наурызда акционерлердің жылдық жалпы жиналысында қабылданды. Kaspi.kz мәліметінше, 2024 жылы финтех тоқсан сайынғы дивидендтерді төлегендіктен, қосымша төлем жасалмайды. Акционерлер 2025 жылдың ақпан айының соңында дивиденд төлеуден бас тартуды ұсынған директорлар кеңесінің ұсынысын қолдады.

Бұған дейін директорлар кеңесі 2024 жыл үшін дивиденд төлемеуге кеңес берген. Компания CEO-сы Михаил Ломтадзе да болашақта дивиденд төлеу тоқтатылуы мүмкін екенін айтқан еді. Ол қаржыны халықаралық нарықта ықпалын кеңейту үшін пайдаланбақ.

Соңғы жылы Каспий шетелдік нарықта, оның ішінде Түркиядағы саудасын жиілетті. Сомпания Hepsiburada маркетплейсінің 65,41%-ын 1,127 млрд долларға сатып алды. Келісім 2024 жылдың қазанында жарияланып, 2025 жылдың қаңтарында аяқталды.

Наурыздың соңында Kaspi.kz түркиялық Rabobank A.Ş.-ті нидерландтық Rabobank Group-тен сатып алатыны белгілі болды. Бұл туралы екі тарап – сатып алушы да, сатушы да хабарлады. Келісімнің сомасы жарияланбады.

Сондай-ақ оқыңыз