Кредиттік рейтинг агенттігін құру үшін қандай талаптар қойылады?

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото:shutterstock

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Кредиттік рейтингтік агенттіктер туралы»  заң жобасын жариялады. Толық мәтінімен  «Ашық НҚА» интернет-порталында танысуға болады.

Кредиттік рейтинг агенттігін құру үшін қойылатын негізгі талаптар:

  • реттеуші Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына мүше бес және одан да көп елдің реттеушілері деп танылған халықаралық рейтингтік агенттіктерді ғана танитын болады;
  • жергілікті рейтингтік агенттік акционерлерінің (құрылтайшыларының) құрамына Ұлттық Банк, «Астана» халықаралық қаржы орталығы және оның еншілес ұйымдары, Қазақстанның резидент – қаржы ұйымдары, шетелдік немесе халықаралық рейтингтік агенттіктер, қор биржалары және кредиттік бюролар кіруі мүмкін;
  • қор биржасының, кредиттік бюроның, шетелдік және халықаралық рейтингтік агенттіктің жергілікті рейтингтік агенттіктің капиталындағы ең жоғары үлесі 20% немесе одан да көп пайызды құрай алмайды. Заңды тұлғалар үшін максималды шегі 10%

Тағы бір міндетті талаптың бірі – жергілікті рейтингтік агенттіктің меншікті капиталының ең төменгі мөлшері 600 000 000 теңге болуы керек.

Отандық рейтинг агенттігі құрылатыны жайлы ҚНРДА осы жылы ақпанда мәлімдеген. Осы арқылы:

  • Бизнесті (кредиттік тәуекел бойынша) қамтамасыз етілмеген қаржыландыруды кеңейту үшін нарық инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде корпоративтік облигациялар нарығын дамыту;
  • Қазақстандық компаниялар, соның ішінде ШОБ үшін рейтингтік қызметтердің құнын төмендету;
  • Кредиттік тәуекелдерді бағалау саласындағы ұлттық құзыреттілік орталығын құру;
  • Қаржы секторының автономиясын арттыру (халықаралық және өңірлік рейтингтік агенттіктерге тәуелділікті төмендету) деген нәтижеге жетуді мақсат етіп отыр.

Рейтинг агенттігі нарықтағы ұйымның қаржылық жағдайын, несие беруге қабілетін бағалайды. Әзірге отандық банктердің жағдайын шетелдік Moody’s, S&P, Fitch тәрізді рейтинг агенттіктері анықтайды

Сондай-ақ оқыңыз