OpenAI 40 млрд доллар тартып, ең ірі инвестициялық раундты жапты

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фоо: коллаж Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

ChatGPT әзірлеушісі OpenAI 40 млрд доллар көлемінде қаржы тарту бойынша тарихындағы ең ірі раундты жапты. Негізгі инвестор ретінде SoftBank Group Corp қатысқан.

Компанияның хабарлауынша, инвестиция нәтижесінде OpenAI 300 млрд долларға бағаланды. Жаңа қаржыландыру OpenAI-ға жасанды интеллект саласындағы зерттеулерді одан әрі ілгерілетуге, есептеуіш инфрақұрылымды кеңейтуге және ChatGPT-ті аптасына 500 млн адам пайдаланатын қуатты құралға айналдыруға мүмкіндік береді.

SoftBank OpenAI Global-ға 30 млрд доллар инвестиция салатынын мәлімдеді. Қалған 10 млрд доллар басқа инвесторлар тарапынан бөлінеді. Алғашқы кезеңде (2025 жылдың сәуірінде) OpenAI 10 млрд доллар алады. Қалған 30 млрд доллар OpenAI Global 2025 жылдың соңына дейін немесе 2026 жылдың басына қарай тәуелсіз коммерциялық құрылымға айналған жағдайда беріледі. Егер бұл талап орындалмаса, SoftBank OpenAI-ға екінші кезеңде тек 10 млрд доллар ғана береді.

OpenAI қаржылық болжамдары

  • 2023 жылғы табыс – 3,7 млрд доллар.
  • 2024 жылы 12,7 млрд долларға дейін өседі деп болжанды (үш есеге жуық артады).
  • Компания 2029 жылға дейін еркін ақша ағыны бойынша пайдаға шығуды күтпейді, өйткені деректер орталықтарын дамыту мен ИИ мамандарын тарту бойынша шығындары өте жоғары.
  • 2029 жылы OpenAI табысы 125 млрд доллардан асады деп болжанып отыр.

Жақында ғана OpenAI басшылығы нейрожелілердің саясатын өзгертпекші екенін хабарлады. Жаңа өзгеріс бойынша, ChatGPT «тақырып қаншалықты күрделі және қарама-қайшылыққа толы болғанына қарамастан интеллектуалдық еркіндікті ұстануы керек».

Сондай-ақ оқыңыз