2025 жылы елдегі өңдеуші өнеркәсіп күрт өсті

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: shutterstock

Биылғы жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанның өңдеуші өнеркәсіп саласы айтарлықтай өсім көрсетті. Наурызда елдегі өндірістің, жаңа тапсырыстардың, жұмыспен қамту және сатып алу бойынша өсу қарқыны нығайды, ал бизнестегі сенім тоғыз айлық ең жоғары деңгейге жетті. Freedom Finance Global PLC осындай талдау жасады.

Freedom Holding Corp. ұсынған Қазақстанның Өңдеуші өнеркәсіп саласындағы Іскерлік белсенділік индексі (PMI® — Purchasing Managers’ Index™ немесе Сатып алу жөніндегі менеджерлер индексі™) ақпандағы 52,1 мәнінен 52,7 мәніне дейін өсті, бұл 2025 жылғы алғашқы тоқсанның соңында өңдеуші өнеркәсіп саласының айтарлықтай сауыққанын көрсетеді.

Наурыз айының деректері көрсеткендей, клиенттер тарапынан сұраныс артып, жаңа тапсырыстар айтарлықтай өскендіктен компаниялар пайда көрді. Жаңа тапсырыстар ауқымының өсу қарқыны үш айдағы ең жоғары деңгейге жетті. Бұл жағдай өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемінің он үшінші ай қатарынан өсуіне негізгі фактор болды, сондай ақ, компаниялар да жаңа және жаңартылған жабдықтар өндіріс әлеуетін арттырғанын атап өтті.

Өндіріс көлемі 2025 жылдағы ең жедел өсімді көрсетті. Жаңа тапсырыстардың ұлғаюы және әлеуеттің артуы алдағы жылы да өндірістің өсуіне қолдау көрсетеді деп болжануда. Бизнестің сенімі үш ай қатарынан нығайып, 2024 жылдың маусым айынан бергі ең жоғары деңгейге жетті және орташа көрсеткіштен жоғары болды. Өндірушілер өндірістік қажеттіліктерді еңсеру мақсатында штат санын ұлғайтуды жалғастырды.

Жұмыспен қамту 13 ай қатарынан өсті және желтоқсан айынан бергі ең жедел қарқында жүрді. Жұмыс орындарының тұрақты өсуі компанияларға соңғы үш айда аяқталмаған жұмыс көлемін алғаш рет азайтуға көмектесті, бірақ тек мардымсыз көлемде. Кей
жағдайларда өндірушілер жаңа тапсырыстарды орындау үшін дайын өнім қорларын пайдаланды. Салдарынан ақпан айында өсім көрсеткен дайын өнім қорлары наурыз
айында сарқыла бастады.

“Наурызда Қазақстанның өңдеуші секторына деген сенім қайта артты, PMI соңғы он екі айда төртінші рет ең жоғарғы көрсеткішке жетті. Наурыздағы өсудің негізгі драйверлері жаңа тапсырыстардың және ағымдағы сұраныстың белсенді қалпына келуі болды, бұл кадр санының айтарлықтай артуы, сатып алулар мен өндірістің ұлғаюы және сонымен бір мезгілде дайын өнім қорының анағұрлым қарқынды азаюы. Нарық қатысушыларының алдағы 12 айға болжамы тым төмен болса да, өсім бар, бұл – салада оптимистік көзқарастың басым екенін көрсетеді», – дейді Freedom Finance Global PLC Қаржылық талдау департаментінің директоры Ерлан Әбдікәрімов.

Сонымен қатар тасымалдаушылардың жеткізу мерзімі бес жарым жылдан бері алғаш рет жақсарды, сауалнамаға қатысушылар ауа райының және логистика жағдайларының жақсарғанын хабарлады. Дегенмен тасымалдаушылар үшін логистика күрделі болып қала берді, ал жеткізу мерзімі елеусіз ғана қысқарды. Инфляция қарқыны ақпан айымен салыстырғанда баяулағанына қарамастан, өндірушілер өндіріс шығындарының күрт артқанын байқады. Респонденттер жанармай, майлау материалдары, шикізат және
коммуналдық қызмет құны өскенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз