Қазақстандық банктер жыл басында 448 млрд теңге таза пайда тапты

2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша Қазақстан банктерінің таза пайдасы 448,8 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға көп деп жазылған Ұлттық банк есебінде.
Осы жылы ең көп пайда тапқан банктер қатарында «БанкЦентрКредит», Bereke Bank және «Қазақстан Халық Банкі» бар. Олардың жалпы таза пайдасы 226 млрд теңгені құрайды. Бұл банктердің жалпы пайдасының жартысына тең көрсеткіш.
Осы жылы теріс нәтиже көрсеткен банктер қатарында Jusan Bank және «Еуразиялық банк» бар. Топ-10 банктің жағдайы (теңгемен есептегенде):
- «Қазақстан Халық Банкі» (+45% артты) – 164,3 млрд
- Kaspi Bank (+23% артты) – 85,3 млрд
- «Банк ЦентрКредит» (+113% артты) – 54,8 млрд
- «Отбасы банк» (+1,8% артты) – 21,8 млрд
- ForteBank (+24,7% артты) – 28,2 млрд
- Jusan Bank (-38% шығын) – 22,1 млрд
- «Еуразиялық банк» (-49,4% шығын) – 13,4 млрд
- «Freedom Bank Kazakhstan» -13,2 млрд
- Bank RBK (+22,7% артты) 10,8 млрд
- Bereke Bank өсім 30 есеге жуық, 254 млн-нан 7,6 млрд-қа дейін
Қазір елімізде 21 екінші деңгейлі банк жұмыс істейді.
Еске салу керек, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк карталарын шығаруға қатысты ережелерді қатаңдатып жатыр. Енді 18-21 жас аралығындағы азаматтар төлем картасын онлайн ала алмайды, ал шетелдік азаматтардың карталарын бақылау күшейтілді. Сондай-ақ банктер енді қаржы пирамидалары және дропперлермен байланысты карталарды анықтауға міндетті болады.