Қытай Тайвань маңында әскери жаттығу өткізіп жатыр

Қытай әскерилерінің мәлімдеуінше, 1 сәуірде армия, флот және зымыран әскерлерінің Тайвань аралы төңірегінде бірлескен жаттығуы басталды.
Reuters мәліметінше, аралды өз аумағы деп есептейтін Қытай әскерилері Тайвань президенті Лай Цзин-Дэні «паразит» деп атады. Өткен айда президент Лай Бейжіңді «шетелдегі жау күші» деп атаған.
Тайвань қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Қытайдың «Шаньдун» авиация тобы дүйсенбі, 31 наурыз күні аралдық әрекет ету аумағына кірді. Арал билігі оған қарсы әскери ұшақтарын, кемелері мен құрлықтағы зымыран жүйелерін жолдаған.
«Қытайдың коммунистік партиясы өзінің әскери күштерін Тайвань төңірегіне, Үнді және Тынық мұхиттары аймағына көптеп шоғырландырып, халықаралық қауымдастықты алаңдатып отыр», – деп мәлімдеді қорғаныс министрлігі.
Қытай мен Тайвань арасындағы жанжал 1949 жылы азамат соғысы кезінде туған. Сол кезде коммунистік билікке бағынбаған «Гоминьдан» ұлттық партиясы аралға бекінген. Ресми Бейжің аралды өз аумағы деп есептегенімен, Тайвань тәуелсіздігінен айрылғысы келмейді.