Жапония мегазілзаладан 300 мың адам қырылады деп болжайды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Жапон билігі мегазілзалаға дайындалып жатыр / фото: REUTERS

Жапония үкіметінің болжауынша, Тынық мұхитында цунами туғызатын мегазілзаладан ел экономикасы 1,81 трлн доллар шығынға ұшырап, 300 мыңға жуық адам қаза табады, жүздеген ғимарат қирайды.

Үкіметтің ірі жер сілкінісіне қатысты есебі 31 наурызда жарияланды деп хабарлайды Reuters.

Биліктің есебінше, мегазілзаладан 270,3 трлн иен немесе елдің ішкі жалпы өнімінің жартысына жуықтайтын шығын келеді.

Жапония – әлемдегі ең сейсмикалық қауіпті елдердің бірі. Үкімет Нанкайдо аралындағыдай магнитудасы 8-9 балл шамасындағы жер сілкінісінің болу мүмкіндігіне үнемі болжам жасап отырады. 1498 жылы Нанкайдода магнитудасы шамамен 8,6 балл зілзала болып, 5 мыңнан 40 мыңға дейін адам қырылған.

Дәл осындай ірі зілзала қазір қайталана қалған жайдайда, Жапонияда халықтың 10%-ға жуығы немесе 1,23 млн адам эвакуациялануы мүмкін. Мегазілзала қыста түннің бір уағында болса, онда цунами мен ғимараттардың қирауынан 298 мыңға жуық адам опат болады деп болжанды.

Тектоникалық қысым жылдар бойы жиналып, ірі зілзала 100-150 жылда қайталанып тұрады.

Жапония мегазілзала туралы ескертуді ел тарихында алғаш рет былтыр жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылы магнитудасы 9 балл болатын зілзаладан Фукусимадағы үш реактор істен шыққан, 15 мыңнан аса адам қаза тапқан.

Сондай-ақ оқыңыз