Сарапшы мұнай өндірісі екі есе төмендейді деп болжайды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Энергетика министрлігі 8 мұнай-газ кен орнын аукционда сатты
Қазақстандағы ірі жобаларда мұнай өндірісі 50%-ға қысқаруы мүмкін / фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Каспий құбыр желісі консорциумына (КҚК) қарасты Теңіз терминалындағы екі нысан бес күнде қосылмаса, Қазақстан мұнай өндірісі кем дегенде 50%-ға төмендеуі мүмкін.

Экономикалық сарапшы Нұрлан Жұмағұловқа тиесілі ENERGY MONITOR Telegram-арнасы осылай деп болжайды.

«Терминалдағы танкерлерді байлайтын қазықтарға қатысты жағдай 5 күнде шешілмесе, мұнай өндірісі төмендемей қоймайды – ірі жобалаларда кем дегенде 50%-ға дейін түседі», – деп жазды Telegram-арна.

Energy Monitoring сарапшылары үш жыл бұрын да Теңіз терминалындағы үш нысанның екеуі істен шыққанын, сол кезде де Қазақстанның КҚК-мен мұнай аудау көрсеткіші екі есе төмендегенін еске салып өтті.

Reuters агенттігінің дереккөзі де дәл осыған ұқсас болжам жасаған.

«Мұнай саудасындағы дереккөздердің Reuters-ке хабарлауынша, жағдай бір аптаның ішінде өзгермесе, КҚК-мен мұнай экспорттау екі еседен көп мөлшерге қысқаруы мүмкін» деп жазды агенттік.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жүйесіне қазақстандық мұнайды қабылдауға қазіргі уақытта ешқандай шектеу жоқ екенін хабарлайды. Мұнай жөнелту бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істеп тұрған ВПУ-3 қондырғысы арқылы қалыпты режимде жүзеге асырылуда.

Әзірге Қазақстанның энергетика министрлігі мұнай өндірісінде ешқандай өзгеріс жоқ деп отыр.

«Энергетика министрлігі КҚК жүйесінің қазақстандық мұнайды қабылдауында қазір ешқандай шектеу жоқ екенін хабарлайды. Мұнай жөнелту жұмыс істеп тұрған қондырғы арқылы кестеге сәйкес жүзеге асырылып жатыр», – деп хабарлайды министрлік.

Естеріңізге сала кетейік, Ресей федералдық қызметі Каспий құбыр желісі консорциумына қарасты Теңіз терминалында ірі танкерлер байланатын үш қазықтың екеуінен ақау тауып, олардың жұмысын уақытша тоқтатып тастады.

Сондай-ақ оқыңыз