Қамаудағы Имамоғлу билікке қатысы бар брендтерге бойкот жариялауға үндеді

Екі аптаға жуық уақыт бойы қамауда отырған Экрем Имамоғлу Түркияның қазіргі билігіне қатысы бар брендтер мен компанияларға бойкот жариялауға үндеді.
Президент Режеп Тайип Ердоғанның басты саяси қарсыласы саналатын Имамоғлу пікірін X әлеуметтік желісіне жазды.
«Мен партиямыздың төрағасы Өзгүр Өзел ұсынған бойкотты қолдаймын. Миллиондаған азаматтарымызды осы бойкотқа қосылуға шақырамын», – дейді Имамоғлу.
Оның пікірінше, бойкот мақсаты – біздің БАҚ пен кәсіпті жою емес, қайта оларды бұғаудан босату, еркіндікке жеткізу.
«Олар жылдар бойы демократияға қарсы биліктің, азғантай ғана топтың айтқанына көніп келді. Олар қоғамды үрейде ұстап отыр. Уақыт өзгерді. БАҚ пен кәсіпке де таңдау жасайтын кез келді», – деп үндеді Имамоғлу.
Халық республикалық партиясының төрағасы Өзгүр Өзел өткен аптада Түркияда билікті жақтайтын брендтер мен компанияларға бойкот жариялауға шақырған.
Естеріңізге сала кетейік, Президент Реджеп Ердоғанның басты саяси қарсыласы Экрем Имамоғлу өткен аптада қамауға алынған. Оған жемқорлық жасады, терроршы топтарға көмектесті деген айыптар тағылған.
Естеріңізге сала кетейік, Ыстанбұл қаласының әкімі Экрем Имамоғлу 19 наурызда қамауға алынған. Оған жемқорлық жасады, терроршы топтарға көмектесті деген айыптар тағылған.
Содан бері екі аптаға жуық уақыт бойы Түркияда Имамоғлуды, демократияны қолдаушылардың наразылық акциясы өтіп жатыр.