Жаңалықтар

Кей адамдар ақша жымқырып, түрмеге отырып, ауқатты болып шығуға дейін баруға дайын

Кей адамдар ақша жымқырып, түрмеге отырып, ауқатты болып шығуға дейін баруға дайын
Кей адамдар ақша жымқырып, түрмеге отырып, ауқатты болып шығуға дейін баруға дайын/Коллаж: KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Сенатта журналистер Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтен заңсыз шығарылған қаржыны заңдастыру қылмысы бойынша сотталғандар қанша, олар кім екені туралы сұрақ қойды.

Елемесов сандардан жаңылуы мүмкін екенін айтып, нақты статистиканы келтірмей, жазбаша жүгінген жағдайда толығырақ жауап беруге уәде берді.

Алайда ол мұндай қылмыстарды тергеп-тексеруде заңсыз шығарылған мүлікті толық көлемде анықтап, тәркілеуге мән берудің маңызына тоқталды.

«Мұндай қылмыстарда, халықаралық қауымдастықтар да істерді ақырына дейін – сот шешімі шығып, заңсыз алынған мүлікті тәркілегенге дейін жеткізуге шақырады. Өйткені кейде заңсыз алынған қаржыны заңдастырып, ол үшін белгілі бір мерзімге отырып, босаған соң ауқатты адамға айналып шығу дейін баратын адамдар болады. Сондықтан заңсыз шығарылған деректерді толығымен анықтап, оларды тіркілеу маңызды» – дейді агенттік төрағасының орынбасары.

Жеңіс Елемесов мұндай практика қазірдің өзінде қолданылып жатқанын, агенттік екі жылдан бері ірі қаржы пирамидасының ісін тергеп жатқанын жеткізді.

Оның айтуынша, агенттік тергейтін қылмыстар барлық жасалған қылмыстардың 1%-ын ғана құрайды, алайда бюджетке өндірілген қаржы көлемі жөнінен агенттік алда тұр.

«Бұл жұмыс тиімділігінің көрсеткіші» – дейді ол.

Сондай-ақ қайырымдылыққа жиылған қаржыны жымқырды деп күдікке ілінген Перизат Қайратты тергеу аяқталғанын мәлім етіп, келген залал мөлшерін атады.