Алматы облысын асырап отырған аудандардың бірі бюджетін өзіне қалдырғанын қалайды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
General news бөлімінің тілшісі
Алматы облысын асырап отырған аудандардың бірі бюджетін өзіне қалдырғанын қалайды
Алматы облысын асырап отырған аудандардың бірі бюджетін өзіне қалдырғанын қалайды/Фото: Damu Logistics

Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының төрағасы Мұхит Карибаев аудан бюджетін өзі пайдаланып, ел игілігіне жұмсауға мүмкіндік берсе деген тілек айтады.

Оның сөзінше, Іле ауданы Алматы облысындағы негізгі донор аудандардың бірегейі. Ауданда көптеген өндіріс орны бар. Алайда олардан түсетін қаржының ауқымды бөлігі ауданда қала бермейді.

Мәслихат төрағасы осы қаражат ауданда қалса, өңірдің дамуына жұмсалып, халықтың көптеген мәселесі шешілер еді деп отыр.

Іле ауданы – Алматы облысы бюджетін толтырып отырған негізгі донорлардың бірі. Аудан аумағында ірі логистикалық хаб, темекі, сыра, сусын өндіретін зауыттар, көптеген ірілі-ұсақты қоймалар мен шағын өнеркәсіп орындары бар.

Алматы облысының өзі республикалық бюджеттен субвенция алатын облыстың бірі. Облыс 2025 жылы бюджеттен 203,3 млрд теңге сұраған.

Бұған дейін Маңғыстау облысы Қарақия ауданы мәслихатының депутаты республикалық бюджет үшін донор облыс болып келген Маңғыстау бүгінде табатын қаражатынынң көп бөлігін өзіне жұмсай бастағанын айтқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз