iPhone бағасы екі есе қымбаттауы мүмкін

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
iPhone бағасы Тармп енгізген тарифтерге байланысты 2300 долларға дейін қымбаттауы мүмкін / Фото: kursiv.media архив

АҚШ президенті Дональд Тармптың сауда соғысы америкалықтар үшін оңайға соқпайды. Сарапшылардың айтуынша, нарықтағы құбылмалылық iPhone бағасына тікелей әсер етуі мүмкін.

Трамп енгізген кедендік баж салығынан кейін, тұтынушлық нарықта біршама өзгеріс байқалды. Сарапшылар бұл өзгеріс әлемге танымал бренд – iPhone-ның бағасына айтарлықтай әсер етуі мүмкін деп болжайды.

АҚШ енгізген бұл тарифтер соңғы 100 жылдағы ең жоғары сауда кедергілері болып саналады. Барлық импортқа 10% көлемінде және жекелеген елдерге салынатын кедендік баж салығы сол елдермен қатар америкалық сатып алушылар үшін де ауыр болады.

Егер баж салығының шығынын Apple тұтынушылардың мойнына жүктейтін болса, ең қымбат iPhone бағасы шамамен 2300 долларға дейін өсуі мүмкін деп болжанады. Қазіргі таңда iPhone-ның орташа бағасы бағасы мың доллардың төңірегінде. Яғни Трамп енгізген тарифтер оның құнының екі есе артуына себеп болуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз