Шығыс Қазақстан халқының жаңа жұмыс кестесіне көңілі толады – депутат

Шығыс Қазақстан халқы уақыт белдеуіне байланысты жұмыс кестесінің ауысқанын жақсы қабылдаған. Бұл туралы Мәслихаттардың кеңесінде Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай аудандық мәслихатының депутаты Бейімбет Болаев айтты.
«Уақыт белдеуін өзгертуге қатысты жоба талқылауға шыққанда, бұл уақыт бедеуінің біздің өңірдің уақыт белдеуіне сәйкес келмейтінін жазып, мәслихат депутаттары болып, сауал жолдаған едік. Бұл мәселені талай көтердік. Министрлік наурыз айында шешілетінін айтты. Ғылыми тұрғыдан зерттей келе жаңа уақыт белдеуін қалдырды. Уақыт белдеуі өзгермеген соң, жұмыс кестесін өзгерттік. Бұл кесте бойынша жұмысқа үйрендік», – деді депутат.
Абай облысынан келген депутат Риза Молдашева өңір халқының жаңа уақыт белдеуіне үйреніп қалғанын, сол себепті жұмыс кестесін өзгерту мәселесі қарастырылмайтынын айтты.
«Халық әр нәрсеге үйренеді. Қазір халық арасында уақыт белдеуіне қатысты наразылық жоқ. Өңір адамдары әбден үйреніп қалған секілді», – деді депутат.
Айта кетсек, Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, уақыт белдеуіне қатысты зерттеу жұмыстарының нәтижесін жариялап, жаңа уақыт белдеуінің қазақстандықтардың денсаулығына еш зияны жоқ екенін айтты.
Ал 15 наурызда Бурабай өткен ұлттық құрылтайда президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл таластың нүктесін қойып, жаңа уақыт белдеуі төңірегіндегі пікірталасқа нүкте қойды.